Алматыда ҚХА этномәдени бірлестіктері активінің кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ҚХА этномәдени бірлестіктері активінің кеңесі өтті

10.03.2016
Алматыда ҚХА этномәдени бірлестіктері активінің кеңесі өтті
Бүгін Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері активінің кеңесі өтті.

Алқалы жиында Мәжіліс депутаттығына үміткерлер, республикалық, қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары еліміздегі саяси мәселелерді шешуде Ассамблеяның атқарар рөлін талқылады.

Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Сауытбек Әбдірахмановтың сөзінше, Алматы - тек Тәуелсіздіктің емес, Ассамблеяның да тал бесігі. Себебі, дәл осы жерде 20 жыл бұрын оның І сессиясы өтіп, іргетасы қаланған.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу