Біздер қымбат көлікке арзан, сапасыз жағармайды құймаймыз. Өйтсек, қозғалтқышын құртамыз. Бірақ, өзімізге келгенде, бәрі керісінше. Арзан, жеңіл-желпі бір нәрсені жей саламыз. Дәл осы тамаққа немқұрайлық кесірлі мәселеге алып келерін ескере бермейміз. Ол – семіздік дейтін дерт. Еліміздегі екі кісінің бірінде артық салмақ бар. Он баланың біреуі семіздікке шалдыққан.
Нұрбек БЕКБАУ