Әлемде жаппай қырып-жою қаруларын шығаруға бейімделген мамандар бар. Бірақ, жыл өткен сайын олардың көбісі жұмыссыз қалуда. Өйткені, жаһандық қарусыздану үдерісі күшейіп келеді. Енді сол мамандар бейбіт мақсаттағы өндіріске қызмет етулері үшін Халықаралық ғылыми-техникалық орталық өз жұмысын жалғастыра беретін болды. Бүгін Парламент Сенатының депутаттары тиісті құжатты қабылдады. Оған сәйкес орталықтың штаб-пәтері Ресейден Қазақстанға көшіріледі.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ