Қазақстанда жеке сот сарапшылары палатасын құру жоспарлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жеке сот сарапшылары палатасын құру жоспарлануда

24.06.2016
Қазақстанда жеке сот сарапшылары палатасын құру жоспарлануда

Қазақстанда жеке сот сарапшылары палатасы құрылып, олардың жұмысы одан әрі жанданбақ. Бұл туралы бүгін жеке сот сараптама институтын дамыту жөніндегі дөңгелек үстелде айтылды. Қазір сот сараптама жұмыстарын негізінен Әділет министрлігіне қарасты орталық жүргізеді. Ал, жеке сот сарапшыларының жұмыс істеп жатқанына 15 жылдан асса да, олардың саны 85 адамнан аспайды. Себебі, бұл салада жүйелі жұмыс жүрмеген. Сондықтан да аталған мәселе қазір Үкімет деңгейінде көтеріліп, сот сараптама қызметі туралы жаңа заң жобасы әзірленді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу