Сенат Конституциялық сот туралы заң қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Конституциялық сот туралы заң қабылдады

03.11.2022

Сенат Конституциялық сот туралы заң қабылдады. Құжат мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көктемде жариялаған жолдауын іске асыруға бағытталған.Ол кезде президент Конституциялық сот құру туралы бастама көтерген.

Әділет министрінің айтуынша Конститутциялық сот билік тармағына жатпайды. Бүкіл ел аумағында заңның үстемдігін қамтамасыз ететін жеке орган. Тіпті ата заңға қайшы келсе, Президенттің жарлықтары мен заңдардың күшін жоятын құзыретке ие болады. Әділдік іздеп шарқ ұрғандарға да араша болмақ.

Конституциялық сот құру туралы заңды жоғары палата депутаттары бір ауыздан қолдады. Бұдан бөлек «прокуратура» және «Адам құқықтары жөнендегі уәкіл» туралы заңдар қабылданды. Құжатқа сай уәкілдің құзыретін арттырып, түрмелерге еш кедергісіз кіру құқығын беру көзделген.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу