20 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап жауын жаууы ықтимал. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай болады.
Шығыс Қазақстан ,Қарағанды облыстарының кей аймағында жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі, Маңғыстау облысында қатты ыстық, кей жерлерінде аптап ыстық болады.