8 маусым - Халықаралық мұхит күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

8 маусым - Халықаралық мұхит күні

08.06.2016
8 маусым - Халықаралық мұхит күні

8 маусымда бүкіл әлем бойынша Халықаралық мұхит күні аталып өтеді.

Мұхит - атмосфера қабатын қалыптастырып,  Жердің  өкпе қызметін атқаратын негізгі құрамды бөлік. Климатты қалыптастырудағы маңызы суының көмірқышқыл газын сіңіруі.

Мұхиттар Жердің төрттен үш бөлігін құрап, 97 пайыз су қорларына ие және көлемі бойынша  ғаламшар ауданының 99 пайызын алып жатыр.

Бұл күнді атап өту алғаш рет 1992 жылы Рио де Жанейро қаласында «Жер ғаламшары» кездесуінде ұсынылған. 1993 жылдан бастап әлемнің көптеген елдерінде бейресми түрде аталып өте бастады.

Ресми түрде 2008 жылы 5 қаңтарда БҰҰ Бас Ассамблеясында Халықаралық мұхит күні ретінде бекітілді.

Мұхит күнінің белгіленуінің басты мақсаты - адамзаттың әлемдік су қорын қорғаудағы қызметін, күнделікті тұрмыстағы маңызын  түсіну.

Хабарламаларға жазылу