1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

01.06.2020
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1925 жылы Швейцарияның Женева қаласында өткен балалардың денсаулығы мен бейбіт өмір сүруі туралы әлемдік конференцияда атаулы күннің негізі қаланды. Алайда балалар мерекесі неліктен дәл 1 маусым күні тойланатыны туралы нақты мәлімет жоқ. 

Деректердің бірі 1925 жылдың 1 маусым күні Қытайдың АҚШ-тағы бас консулы Сан-Франциско қаласында «Айдаһар-қайық фестивалін» тойлау үшін жетім балаларды жинаған екен деседі. Женевада өткен конференция да 1 маусымда өткен.

ІІ Дүниежүзілік соғыстың салдарынан жетім қалған балалардың жайы 1949 жылы Парижде өткен әйелдер конгресінде көтеріліп, бұл мереке ресми түрде бекітілді. 1950 жылдан бастап тұрақты түрде аталып өтеді.

Халықаралық балалар күні кейбір елдерде басқа күні мерекеленеді. Мәселен, Малайзияда қазан айының соңғы сенбісінде, Оңтүстік Корея мен Жапонияда 5 мамыр күні, Сингапурда 1 қазан күні, Түркияда 23 сәуір күні тойланады. Ал Африкада балаларды қорғау күні 16 маусымға белгіленген.

Хабарламаларға жазылу