Б.Сапарбаев: Қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Сапарбаев: Қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек беріледі

07.06.2016
Б.Сапарбаев: Қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек беріледі

Ақтөбеде террорлық қауіп «қызыл» деңгейде сақталып отыр. Дегенмен, өңірде жағдай тұтастай бақылауға алынған.

Коммуналдық қызметтер, қоғамдық көлік, медициналық мекемелер қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Жедел жәрдем ауруханасына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барды. Ол сондай-ақ қаза тапқандар отбасына материалдық көмек көрсетілетінін айтты.
Ақтөбеліктер күні бойы «Паллада» қару дүкеніне гүл шоқтарын әкелді. Өткенде ол жерде күзетші мен қызметкерлердің бірі қаза тапқан. Олар шабуылдаушыларға қарсылық көрсеткен алғашқылардың бірі еді. Тұрғындар оларды ерлік жасады деп санайды. Ал ақтөбеліктердің бейбіт өмірін бұзғысы келгендер мақсаттарына жетпеді.
«Біз достық, бейбіт өмірге үйрендік. Олар адамдар арасына іріткі салып, қысым жасағылары келді. Олардың арам пиғылы іске аспады деп санаймын», - деген ойымен бөлісті Ақтөбенің құрметті тұрғыны Ғалымжан Байдерес.
Еске салсақ, Қазақстанда 40 тәулікке террорлық қауіптіліктің «сары» деңгейі енгізілген.
Ел тұрғындары құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құжат тексеру кезіндегі әрекеттерге түсінікпен қарап, оларға қолдан келгенше жәрдемдесуді сұрайды.
Дүрлігуге жол бермей, мемлекеттік органдардың ресми ақпаратын ғана басшылыққа алуды ұсынады.

Хабарламаларға жазылу