Түркияда жол апатынан 14 адам қайтыс болды

06.06.2016
Түркияда жол апатынан 14 адам қайтыс болды

Түркияның оңтүстігінде экскурсиялық автобустың қатысуымен болған жол-көлік апаты салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тауып, тағы 24-і зардап шекті, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігінен.

Оқиға Каратепе бекінісіне жасаған экскурсиядан оралып келе жатқанда орын алған. Жүргізуші көлікті басқара алмай, автобус аударылып, суға толы арнаға құлап кеткен.

Агенттіктің жергілікті БАҚ-қа жасаған сілтемесі бойынша, қаза тапқандардың арасында алты бала бар. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу