Қарағандыда жол апатынан 6 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жол апатынан 6 адам қайтыс болды

11.07.2014
Қарағандыда жол апатынан 6 адам қайтыс болды

Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасынан 6 адам қайтыс болды. Lada Priora, ВАЗ-2110 және Hyundai маркалы үш автокөлік соқтығысқан.

Ірі жол апатын көргендердің айтуынша, оқиға Қарағанды-Балқаш трассасында таңғы сағат бесте болған. Қазір апат болған жерде жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.

Тергеушілер автокөліктердің қайсысы қарсы бағытқа шыққанын анықтауда. Кінәлі анықталса, Қылмыстық Кодекстің 296-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады.

Досымжан ЕРМҰРАТ

 

Хабарламаларға жазылу