Мұхаммед Әли Кентукки штатының Луисвилль қаласында жерленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхаммед Әли Кентукки штатының Луисвилль қаласында жерленеді

05.06.2016
  Мұхаммед Әли Кентукки штатының Луисвилль қаласында жерленеді

Марқұм Мұхаммед Әлидің денесі алдағы жұма күні Кентукки штатының Луисвилль қаласында жер қойнына беріледі. Қаралы жиында соңғы сөзді АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон айтады, деп хабарлады BBC.

Жерлеу рәсімі бірнеше тілде интернет арқылы трансляцияланады.

30 жылдан астам Паркинсон дертімен арпалысып, аңызға айналған былғары қолғап шебері Мұхаммед Әли 75 жасында өмірден озды.

Ол өзінің 25 жылдық спорт мансабында 56 рет жеңіске жетті. Оның 37-сі - нокаут. Ол - ауыр салмақта үш дүркін Әлем чемпионы атанған жалғыз боксшы.

Хабарламаларға жазылу