Астанада жаңартылған энергия көздеріне қатысты алғашқы саммит өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жаңартылған энергия көздеріне қатысты алғашқы саммит өтті

24.05.2016
Астанада жаңартылған энергия көздеріне қатысты алғашқы саммит өтті
Саммитте «жасыл» энергетика төңірегінде табысты жұмыс істейтін әлемдік ірі ұйымдар мен үздік бағдарламалар таныстырылды.

Қазақстан «жасыл» энергетикаға тағы бір қадам жасады. Астанада «жаңартылған энергия көздеріне» қатысты алғашқы саммит өтті.

Еуропалық одақ пен Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған шарада жақында қабылданған «Жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау» туралы заңның жай-жапсары талданды.

Сондай-ақ, «жасыл» энергетика төңірегінде табысты жұмыс істейтін әлемдік ірі ұйымдар мен үздік бағдарламалар таныстырылды.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу