Жаңартылған Үкіметтің алғашқы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңартылған Үкіметтің алғашқы отырысы өтті

26.02.2019

Жаңадан жасақталған Үкімет нақты істер арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға мүдделі. Кеше кандидатуралары бекітілген министрлер кабинеті бүгін алғашқы кеңейтілген отырысын өткізді. Үкімет басшысы Асқар Мамин алдымен Президент Жарлығымен тағайындалған министрлерді таныстырып өтті.

Сондай-ақ, Үкіметтің жаңа мүшелері - Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ант берді. Отырыс барысында Асқар Мамин жаңа құрамға жүктелген басты міндеттерді атап өтті. Олар: еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуын, халықтың табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, тиімді жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті өркендету.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу