Астанада 16 жыл бұрын адам өлтірді деп айыпталған бұрынғы әскери қызметшіге қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 16 жыл бұрын адам өлтірді деп айыпталған бұрынғы әскери қызметшіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

18.05.2016
Астанада 16 жыл бұрын адам өлтірді деп айыпталған бұрынғы әскери қызметшіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Айыпталушы жұмыстан шыққан соң таныстарымен кездесіп, ішімдік ішеді. Тентек суды тұтынудың соңы төбелеске ұласып, ұстасқан адамға бөтелкенің сынығымен бірнеше жерден соққы жасаған. Салдарынан ауыр жарақат алған азамат қайтыс болады.

Осындай ауыр әскери қылмыстардың бәрі тек мамандандырылған ауданаралық әскери сотта қаралады. Қоғамдық резонанс тудырған, ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалған, аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық істер, кісі өлтіру, адам тонау, тіпті жоғары лауазымдағы әскери тұлғаларға қатысты істерге үкім шығару осы соттың ғана құзырында.

Хабарламаларға жазылу