Уттар-Прадеш штатының Вриндавана қаласына туристік виза бойынша 8 мамырда жеткен 50 жастағы Біржан Өмірзақовтың денесі ертеңіне өзі жалдаған бөлмесінде табылған. Қонақүйдегілер қазақстандық бөлмеде еш белгі бермеген соң, дереу құқық қорғау органдарын шақыртқан. Оқиға орнына келген қызметкерлер жерлесіміздің қайтыс болғанын растаған.