Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкімет жиынында басты 3 шешім айқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкімет жиынында басты 3 шешім айқындалды

06.05.2016
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкімет жиынында басты 3 шешім айқындалды
Біріншісі, қоғамдық қызу талқыға түскен Жер кодексінің бірнеше нормасының орындалуына 2016 жылдың соңына дейін мораторий жариялау.

Екіншісі, Үкімет жанынан вице-премьер Бақытжан Сағынтаевтың басқаруымен комиссия құру. Оған қатысы бар барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымның өкілдері қатысады. Жыл соңына дейін комиссия жер кодексіне қатысты даулы мәселелер бойынша кең ауқымды талқылау жүргізіп, парламентке нақты ұсыныстармен шығады.

Үшінші, «Нұр Отан» партиясы демократиялықық күштердің біріккен коалициясымен бірлесе барлық партияларға, қоғамдық ұйымдарға және бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Хабарламаларға жазылу