Оралдың орталық алаңында мерекелік концерт қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдың орталық алаңында мерекелік концерт қойылды

01.05.2016
Оралдың орталық алаңында мерекелік концерт қойылды
Бұған қоса, ұлттық-мәдени орталықтар көрме ұйымдастырды.

Ақжайық бойындағы 90-нан астам ұлыс өкілі де ынтымаққа үндеген ұлық мерекені бір атаның баласындай үлкен ұйымшылдықпен тойлап жатыр. Оралдың орталығында театрландырылған концерт ұйымдастырылып, жас дарындар мен өңірге танымал шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін ортаға салды.

Сахнадан құлақтан кіріп бойды алған, халық әндері шырқалып, ырғағымен көңілге мереке тарту еткен ұлттық билер орындалды. Бұған қоса, орталық алаңда ұлттық-мәдени орталықтар көрме ұйымдастырды.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу