Алматының Орталық алаңында мерекелік шаралар жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының Орталық алаңында мерекелік шаралар жалғасуда

22.03.2016
Алматының Орталық алаңында  мерекелік шаралар жалғасуда
Наурыз барлық сән салтанатымен тойлануда.

«Әз болмай, мәз болмайды», деп білетін қазақ елінің әр қиырындағы Наурыз күні, алып шаһар Алматыда ұлан-асыр той болып жатыр. Таңертеңгі сағат 10:00-де басталған шараға 20 мыңнан астам халық жиналған. Олар орталық «Астана» алаңына келіп, мерекелік концертті тамашалап жатыр.

Мұнда 20 ақ шаңқан киіз үй тігіліп, қолөнер шеберлерінің ұлттық бұйымдары тізілген 60 шатырдағы жәрмеңке көпшіліктің назарына ұсынылды.
Алматы әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы әзірленген 500 килограмм бауырсақ пен 500 литр наурыз-көже 3000 қала тұрғынына тегін үлестірілуде.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу