Тұтынушылар құқығын бұзған компаниялар жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұтынушылар құқығын бұзған компаниялар жазаланды

26.04.2016
Тұтынушылар құқығын бұзған компаниялар жазаланды
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қалалық департаменті тұтынушылар құқығын қорғау бойынша 1 тоқсанда өткізілген мемлекеттік бақылау қорытындысы негізінде 26 заңбұзушылық фактілері анықтаған.

Бұл туралы департаменттің бас маманы Ералы Серікбаев айтты. Олар жыл басынан бері денсаулық сақтау, байланыс қызметі, жанар-жағармай құю бекеттеріне және электр энергиясын сатумен айналысатын мекемелерге, сондай-ақ, сәйкестікті растау органдарына 33 жоспарлы тексеріс жүргізген.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу