Ресейден әкелінетін сүт өнімдерінен ішек таяқшалары бактериялары табылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейден әкелінетін сүт өнімдерінен ішек таяқшалары бактериялары табылуда

13.03.2014
Ресейден әкелінетін сүт өнімдерінен ішек таяқшалары бактериялары табылуда
Ресейден әкелінетін сүт өнімдерінен ішек таяқшалары тобына жататын бактериялар табылды. Бұл туралы бүгін Халықаралық тұтынушылар күні қарсаңында өткізілген баспасөз мәслихатында «Әділет» Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Закарьянов айтты.
 
Оның мәліметінше, Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігі ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің  Астана қалалық департаментімен бірлесе отырып, бірқатар шетелдік және отандық өнімдерге сараптамалар жүргізген.
 
«Сараптама нәтижесінде 8 өнімде микробиологиялық көрсеткіштер бойынша ауытқушылықтар табылды. Мәселен, Ресейден әкелінетін «Домик в деревне» және «Вимм-Билль-Данн» сүттерінен ішек таяқшалары тобына жататын бактериялар табылған. Тіпті кейбір өнімдер көгеріп те кеткен», - деп атап өтті бірлестік төрағасы.
 
Оның мәліметінше, сонымен қатар, Ресейден әкелінетін ірімшік, қойылтылған сүт, сыр және басқа да сүт өнімдерінен («Любавинка», «Главпродукт», «Сибирь великая» және «Шадринское» өнімдері) адам денсаулығына зиянды микроағзалар көптеп табылған.
 

Хабарламаларға жазылу