Қазақстанда 10 миллион гектар ауыл шаруашылығына қажетті жер игерілмей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 10 миллион гектар ауыл шаруашылығына қажетті жер игерілмей жатыр

04.04.2016
Қазақстанда 10 миллион гектар ауыл шаруашылығына қажетті жер игерілмей жатыр
Бұл үш күндік алқалы жиынға әлемнің 30 мемлекетінен келген 200-ден астам белгілі ғалым, сондай-ақ, АҚШ, Жапония, Израиль, Австралия, Ресей және Еуропа елдері басшыларының кеңесшілері қатысып жатыр.

Зерттеушілердің айтуынша, бүгінде энергетикалық отын мен металдың бағасы төмендеп, оған сұраныс азайғанымен табиғи таза ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс көбейген.

Бұдан басқа, басқосуда ауыл шаруашылығы саласын қайта құрылымдау, табиғи ресурстарды басқару және тиімді пайдалану, өңірлік сауда және интеграция мәселелерін бірлесіп шешу жолдары талқыланды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу