Игерілмей жатқан 7 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Игерілмей жатқан 7 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

20.07.2023

Игерілмей бос жатқан 7 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бұл бір жарым жылдық жұмыстың нәтижесі. Егін егуге және жайылымға жарайтын, бірақ тиімсіз пайдаланған жердің көбі – Қарағанды облысында. Өңірдегі 1 жарым млн-ға жуық алқап мемлекет меншігіне өтті. Одан кейін Қостанай, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы учаскелер де сот шешімімен жергілікті әкімдіктерге берілді. Бұдан бөлек, министрлік жыл басынан бері тағы 1 млн гектар учаскені жоспардан тыс тексеріп, оның тең жартысынан заңбұзушылық анықтаған. Қазір 230 мың гектар аумақтың мәселесі сотта қаралып жатыр. Сондай-ақ, қабылданған тиісті шаралардың нәтижесінде 490 мың гектар аумақ қазір қайта игеріле бастады. Министрлік жыл соңына дейін ауыл шаруашылығына тиесілі тағы 5 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу