Қала әкімдігі «Шымбұлаққа» адамдарды жеткізудің оңтайлы тәсілдерін қарастырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала әкімдігі «Шымбұлаққа» адамдарды жеткізудің оңтайлы тәсілдерін қарастырып жатыр

31.03.2016
Қала әкімдігі «Шымбұлаққа» адамдарды жеткізудің оңтайлы тәсілдерін қарастырып жатыр
Елбасының тапсырмасына сай, «Шымбұлақ» пен «Медеуде» заңға қайшы құрылыс толық тоқтатылды.

Бұдан былай алматылықтар Алатау баурайындағы «Шымбұлаққа» шығамын деп шығынға батпайды. Себебі, курортты аймаққа адамдарды жеткізудің оңтайлы тәсілдері енгізілмекші.

Бұл туралы бүгін қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен өткен көшпелі жиында айтылды. Қазір мәдениет пен туризмнің орталығы саналатын алып шаһарды абаттандырып, көріктендіру жолында көшелі істер қолға алынып жатыр.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу