Атырауда аймақтық сарапшылар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда аймақтық сарапшылар форумы өтті

17.03.2016
Атырауда аймақтық сарапшылар форумы өтті
Шараға отандық сарапшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

«Ұлт жоспары: ел дамуының стратегиялық бағдарлары». Атырауда осындай тақырыппен аймақтық сарапшылар форумы өтті. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қолдауымен өткен шараға отандық сарапшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Форум барысында мемлекеттік реформалардың маңызды қырлары түсіндірілді. Сарапшылар елді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түрлі аспектілерін қарастырып, алдағы сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

Айдос ҚАРАБАЛА

Хабарламаларға жазылу