Имамдардың аймақтық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Имамдардың аймақтық форумы өтті

06.12.2019

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Имамдар аймақтық форумына дін мамандары, қоғам қайраткерлері, ұстаздар мен студенттер қатысты. Жиналғандар қоғамдағы рухани құндылықтардың мән-маңызын айтты. Сонымен қатар, олар елдің амандығы, жердің тыныштығы, бірлік пен бейбітшілік - елдің басты құндылығы екендігін жеткізді. Себебі, Пайғамбарымыз осы игіліктерге үндеген. Сондықтан, «Бұл тұғырнама тек имамдар арасында емес, мешіттер, оқу орындары, бала-бақшалар, мемлекеттік ұйымдар мен өзге де мекемелерде насихатталуы тиіс», - дейді ғалымдар. 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ     

Хабарламаларға жазылу