Мария Крайсман: Біз үйде немістердің де, қазақтардың да мерекелерін атап өтеміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мария Крайсман: Біз үйде немістердің де, қазақтардың да мерекелерін атап өтеміз

01.03.2016
Мария Крайсман: Біз үйде немістердің де, қазақтардың да мерекелерін атап өтеміз
Олардың қатарында кеңес үкіметі тұсында қуғын-сүргінге ұшыраған Поволжье немістері де бар. Саяси жәбір көрген көп немістің ішінде талдықорғандық Владимир Крайсманның ата-анасы да болды. Сібірдің қара суығы мен биліктің озбырлығынан әбден қиналған отбасы жайлы өмір іздеп Қазақстанға көшіп келеді. Жер жаннаты Жетісу өңірінде тұрақтайды.

Владимир Крайсманның өмірлік серігі де, 4 қызы да түгел медицина саласында. Қазір ортаншысы Мария әкесімен бірге жұмыс істейді. Бойжеткеннің Германияда туыстары бар. Бірақ оған шығыс халқының менталитеті жақынырақ.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу