Астанада «Ақ жол» партиясы қоғамдық қабылдау өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ақ жол» партиясы қоғамдық қабылдау өткізді

12.02.2016
Астанада «Ақ жол» партиясы қоғамдық қабылдау өткізді
«Ақ жол» демократиялық партиясы дәстүр бойынша жұма күнгі қоғамдық қабылдауын өткізді. Бүгінгі жиында кәсіпкерлер мәселесі қаралды.

Шағымданушылардың бірі банкпен арадағы дау-дамайды оңтайлы шешіп беруді сұраса, енді бірі әкімшілік кедергілерді, салықтың ауыртпалығын сөз етті.

Басқосуда айтылған шағымдардың барлығы қағазға түсіріліп, партияның заңгерлері істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Алмас Тұртаев, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі:

Кәсіпкерлердің өздері де күнделікті өзгеріп жатқан заңнамалық актілерден хабардар болса екен дейміз. Яғни, кәсіпкерлер құқықтық сауаттылығын әлі де болса көтеру керек. Біз әрбір шағымды қарастыруға дайынбыз. Бұл жөнінен тиісті заңнамалық акт болсын, шараларды қабылдауға әзірміз.

Хабарламаларға жазылу