Қостанайда шағын аудан 4 күннен бері суық сусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда шағын аудан 4 күннен бері суық сусыз отыр

04.02.2016
Қостанайда шағын аудан 4 күннен бері суық сусыз отыр
Апат орнында 7 техника мен екі бригада жұмыс істеп жатыр.

Қаңтардың соңғы күні Қостанайда құбыр жарылып, бірнеше көпқабатты тұрғынүй суық сусыз қалғанын өткен хабарымызда айтқанбыз. Мамандар ақау жөнделіп, 1 ақпан күні кешке жағдай қалыпқа келеді, деп сендірген еді.

Алайда шіріген құбыр үсті-үстіне жарылып, тұрғын үйлерге су беру тағы тоқтатылды. Сонымен, жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанына төртінші күн. Қазір 30 көпқабатты тұрғын үй мен қалалық аурухана, бір мектеп суық судан ажыратылды.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу