Елімізде 2016 жылдың алғашқы аптасында-ақ 2 мыңнан астам абонент мобильді операторларын ауыстырып үлгерген. Бұл туралы primeminister.kz сайты жазды.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Байланыс комитеті таратқан деректерге қарағанда қаңтардың 5 інен 8 іне дейін 2 мыңнан астам қазақстандықтар ұялы байланыс қызметін көрсететін операторларын ауыстырған.
Естеріңізге салар болсақ, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрыңғы абоноенттік номерді өзгертпей-ақ мобильді операторларды емін-еркін ауыстыруға мүмкіндік беретін заң күшіне енген болатын. Нәтижесінде отандастарымыз қызмет көрсетуі көңілдерінен шықпаған операторларды ауыстыруға мүмкіндік алған еді. Мәліметтерге қарағанда үш күн ішінде 2290 абонент бұрын қызметін пайдаланып жүрген операторлардан бас тартқан.
Бейресми тұрде «Мобильді құлдық» деп аталып кеткен бұрыңғы жүйенің өзгеруі азаматтар үшін қолайлы болып отыр. Деректерге қарағанда абоненттердің басым бөлігі «Altel» (982 адам), одан соң «Tele2» (558 адам) қызметін пайдалануды құп көріпті. Ал, «Beeline» қызметіне 407 адам, «Kcell»-ге 343 адам жүгінген. Алайда, соңғысы оператордың қызметіне көңілдері толмағандардың қарасы да мол. 1218 адам бұл компанияның қызметін пайдаланудан бас тартыпты.

Kaznews.kaztrk.kz