Әскери қызметкерлерге пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери қызметкерлерге пәтер берілді

18.12.2015
Әскери қызметкерлерге пәтер  берілді
Әскери қызметкерлерге пәтер  берілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қызметшілеріне Астанада пәтер берілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жаңа тұрғын үй Қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамы үшін салынған болатын. Бұл үйде 232 пәтер бар. Пәтерлер офицерлердің отбасы мүшелерінің санына байланысты беріледі. Жаңа тұрғын үйде 1 бөлмелі пәтерден бастап 4 бөлмелі пәтерге дейін түрлі баспаналар бар. Пәтерлердің біразына жартылай болса да жиһаздар қойылған. Тұрғын ұй оқу орыны аумағында орналасыпты. Сонымен қатар, оқу орынының қасында 306 пәтерлік жатақхана да бар. Онда қазір Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары тұрып жатыр.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу