Биыл еліміз Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттілік рейтингісіне сәйкес 140 мемлекеттің ішінде 42-орында тұр.
Былтырмен салыстырғанда, 8 сатыға жоғарылаған. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі 114 көрсеткіш бойынша сараланды. Қазақстан жалпы есепте жоғары көрсеткішке ие болғанымен, денсаулық саласына қатысты индикаторларда төмен нәтижелер көрсетуде.
Мәселен, «Адамның иммундық тапшылығы вирусы (ВИЧ/СПИД) ауруының бизнеске әсері» индикаторы бойынша 80-орын, ал «Туберкулездің бизнеске әсерінде» 107-орында тұр.
Бәсеке қабілетті 30 елдің қатарынан көріну үшін бұл көрсеткіштерді барынша жақсарту қажет. Осы орайда «Жастар салауатты өмір салты үшін» қоғамдық бірлестігі барлық өңірлерді аралап, арнайы семинарлар өткізуде.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ