Бүгінде әкімшілік «Азия Комби» және «Семавтопарк» мекемелерінің үстінен прокуратураға шағым түсірді.
Семейде бүгін қоғамдық көліктерде жолақысы қымбаттады. Қаладағы жолаушылар тасымалдайтын 6 мердігер мекеменің екеуі жол жүру құнын әкімшіліктің келісімінсіз, 60 теңгеден 75 теңгеге көтеріп жіберді.
Тасымалдаушылар жол ақысын қымбаттатуды сұрап, әкімшілікке бірнеше мәрте ұсыныс жасаған. Алайда, жергілікті билік мұны негізсіз деп, рұқсат бермей келді.
Қазір әкімшілік жол жүру құнын заңсыз қымбаттатқан «Азия Комби» және «Семавтопарк» мекемелерінің үстінен прокуратураға шағым түсірді.
Ержан ЖАҚЫП