Қарашаның қарымен бірге «Көктал» әскери полигонында «Түлкі аулау» жүріп жатыр. Бұл кәдімгі аңшылық емес. Қазақстан мен Қытай әскерлерінің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуының атауы.
Қазақ пен қытай әскерилері өзара түсіністік пен сенімділікті нығайту, екі армияның арасындағы ынтымақтастықты, тәжірибе алмасуды жақсарту ісін жетілдіруді мақсат тұтыпты. Екі ел Қарулы күштері әсіресе, терроризмге қарсы күресте үйлесімді қимыл жасаудың маңыздылығын ескерсе керек, екі кезеңнен тұратын жаттығулар жасап жатыр.
Бұл жаттығулардың алғашқы кезеңі қазан айында Қытайдың Шыңжан-ұйғыр автономиялы ауданының «Қорла» оқу-жаттығу орталығының базасында өткен. Ал, екінші кезеңі «Көктал» полигонында өтіп жатыр. Жаттығу екі елдің әскери қызметшілері заңсыз қарулы құрылымдарды жою жөніндегі бірлескен әскери қимылдарды пысықтайды.
Kaznews.kaztrk.kz