Тарихи жәдігерлерді шекарадан заңсыз алып өтпек болған Ресей азаматтары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарихи жәдігерлерді шекарадан заңсыз алып өтпек болған Ресей азаматтары ұсталды

27.10.2022

Ақтөбелік шекарашылар ел аумағынан 26 тарихи жәдігерді алып өтпекші болған төрт Ресей азаматының жолын кесті. Әлімбет шекара бекетінде тоқтатылған көлікті тексеру кезінде, қола және темір дәуірлеріне жататын жебе ұштары мен күміс әшекей табылған.

Бұл бұйымдардың барлығын облыстық өлкетану музейінің қызметкерлері саралап, қай кезеңдерге жататынын анықтады. Күдіктілер жәдігерлерді Әйтеке би ауданының аумағынан қазып алған. Алайда, олар Қазақстан аумағына балық аулау үшін келдік деген уәж айтқан. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мейрам Дүйсенғали, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры:

Бұл азаматтар елімізге балық аулау үшін келдік деп отыр. Дегенмен, шекарашылардың айтуы бойынша, олар толық дайын келген. Оның ішінде қазуға арналған күректері бар, металл салмағын өлшеуге арналған таразы бар. Ең бастысы, көп жағдайда көзделіп отырғаны – темір іздейтін құрылғылары бар.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу