Келер жылдан бастап нан өндірісіне субсидия берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылдан бастап нан өндірісіне субсидия берілмейді

05.11.2015
Келер жылдан бастап нан өндірісіне субсидия берілмейді
Мемлекет осыған дейін нан бағасын тұрақты ұстап тұру үшін арнайы қаржы бөліп келді.

Нан нарығына ірі инвесторлар тартылған кезде ғана баға реттеледі. Ал, осы салаға инвесторлар қаржы құюы үшін Үкімет субсидиялауды доғармақ. Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында өсім бар.

Бірақ, қазір қаржылық ұйымдар нан өндіру ісіне ақша құйып, наубайхана ашуға, нан өнімдерінің түрін көбейтуге құлықсыз. Енді бұл нарықтағы жаңа саясат инвесторларға жаңа мүмкіндік бермек.

Үкімет нан өндірісне субсидия бөлуді келер жылдан бастап доғарады. Яғни, нарық өзін-өзі реттемек. Ал, кәсіпкерлердің дәл қазір аталған саланың жаңа мүмкіндіктерін екшеп отырғаны анық.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу