Әлемдік экономикадағы дағдарыс ауыл шаруашылығына да салқынын тигізуде.
Өңірдегі ауыл тұрғындары «мал бағасы арзандап кетті» деп дабыл қағуда. Бірақ, керісінше төрт түліктің азығы қымбат. Қорадағы малын күн көріс көзіне айналдырған халыққа бұл оңай соқпайды. Ал, жүн, тері дегендер мүлде түкке жарамай ысырап болып жатыр.
Мамандар тері мен жүннің өтпейтіні елімізде бұл шикізаттарды өңдейтін ірі кәсіпорындардың болмауынан дейді. Ал, ет пен сүттің арзандауын сырттан сапасы төмен, алайда бағасы арзан тауардың көптеп келуіне теліп отыр.
Дегенменде қостанайлықтар қол қусырып қарап отырған жоқ. Қиындықтан шығудың ең оңтайлы жолдарын қарастыруда.
Дәуренбек ӘБДІБЕК