Мәжіліс депутаттары «Бағалы металдар және асыл тастар туралы» Заң жобасын мақұлдады.
Құжатқа сәйкес құрамында бағалы металдары бар руданы шетелге шығару үшін ең әуелі алтын өңдейтін үш зауыттың келісімін алуы керек. Олар: Қазақмыс, Қазцинк және Астана аффинаж зауыты. Әйтпесе құрамында түрлі бағалы металдар кездесетін шикі руда сыртқа шығып кетуде. Енді оның басым бөлігі өз елімізде өңделетін болады.
Жалпы қазір Ұлттық банк қорында 115 тонна алтын бар. Оның 70 тоннасы қаржы құралы ретінде, қажет кезінде жылдам сатуға немесе депозитке салып табыс табу мақсатында шетелдерде сақтаулы. Отандық зауыттардың өндірген алтынын сатып алумен еліміздің алтын қоры жыл сайын толығып отыр.