Елімізде мыс өндіру көлемі екі есе артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мыс өндіру көлемі екі есе артады

29.04.2024

Елде мыс өндіру көлемі екі есе артады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, Мәжілістегі Үкімет сағатында биылғы бірінші тоқсандағы қорытындыны жариялады. Металлургия өнеркәсібінде өндірістің өсуі 4,3 пайызды құраған. Жыл соңына дейін болат өңдеу кәсіпорындарының өнім көлемін 4 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар мыс өндіру көлемі «Қазмырыш», «Қазақмыс корпорациясы» және «KAZMinerals тобы» есебінен қамтамасыз етілетінін айтты. Жалпы министрдің мәліметінше елімізде өңдеу өнеркәсібі қарқынды өсіп келеді. Былтыр 21,6 трлн теңгенің өнімі шығарылған. Ең жақсы дамып келе жатқан бағыттар - ағаш өңдеу, машина құрастыру, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс индустриясы. Отандық өндірушілер соңғы 1 жылда 25 млрд доллардың өнімін сыртқа экспорттаған. 

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу