Қазақстанда жыл басынан бері жалған құжатпен жарты мыңнан астам несие рәсімделген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жыл басынан бері жалған құжатпен жарты мыңнан астам несие рәсімделген

21.10.2015
Қазақстанда жыл басынан бері жалған құжатпен жарты мыңнан астам несие рәсімделген
Мұндай мәліметті «Бірінші несиелік бюро» компаниясы таратты.

Оңай жолмен олжа табуды көздеген алаяқтар тұрғындарды тұзағына түсірудің түрлі амал-айласына көшкен. Бірақ, құзырлы мекеме өкілдері айлакерлердің әрекетін әшкерелеу үшін қызмет көрсетудің жаңа түрлерін енгізді.

Қылмыскерлер екі жағдайда айласын асырады дейді мамандар. Жеке куәлігіңізді тауып алса немесе сіздің атыңызға жалған құжаттар жасау арқылы несие рәсімдейді. Әккілердің әрекетіне тосқауыл қою үшін бұдан былай несие рәсімдеп жатқан азаматтың телефон нөміріне смс хат немесе электронды пошталарына мәлімдеме жіберілетін болды.


Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу