Елімізде әуежай жолаушыларының тасымалы артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әуежай жолаушыларының тасымалы артады

21.10.2015
Елімізде әуежай жолаушыларының тасымалы артады
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Астана әуежайының терминалы қалпына келтiрілуде.

Бүгінде әуежайлардың қызмет көрсету мүмкiндiгiн сағатына 750-ден 1750 жолаушыға дейiн немесе жылына 7 миллион адамға жеткiзу көзделіп отыр. Ауқымды жоба 2017 жылы толық аяқталмақ. Авиация саласындағы тағы бір жаңалық – әуежайларда қауіпті жолаушыларды анықтайтын ортақ жүйе енгізіледі.

Ол үшін алдымен азаматтар туралы мәліметтер базасы құрылмақ. Мұндай халықаралық тәжірибені енгізу үшін Азаматтық авиация комитетi жан-жақты зерттеу жүргізуде.



Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу