Облыс бойынша гектар түсімі 16,9 центнерден айналды. Ал жекелеген шаруа қожалықтарының көрсеткіші бұдан да жоғары. Сондай толымды табысқа қол жеткізгендердің бірі - Серғазы Қарымсақов. Ол биыл 2 жарым мың гектар алқапқа егін өсіріп, гектарынан 20 центнерден бидай, 25 центнерден арпа орып алды.
«Ең бастысы мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында жиын-терінді уақытында аяқтадық, тұқым қорын дайындадық»,- дейді Серғазы Қарымсақов.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ