Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, шенеунік биыл ақпан айында жұмыс кабинетінде әлдекімнен 860 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталған.
Кейін тергеу кезінде күдіктінің кінәсі толық дәлелденген. Әл-Фараби аудандық сотының шешімімен айыпты деп танылып, мемлекет пайдасына 51 миллион 600 теңге төлеуге міндеттелген. Бүгінде ол айыппұлдың жартысынан астам бөлігін төлеп үлгерді.