Павлодарда 70 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 70 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылған

12.10.2015
 Павлодарда 70 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылған

Биылғы жылдың сегіз айында Павлодарда 70 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды. Ал, «мүлдем төзбеушілік қағидасы» бойынша 2,5 мыңға жуық тұрғын айыппұл төлеген. Бұл ретте заң органдары адамдарды жазалауды емес, тәртіпке шақыруды көздейді. Сондықтан Павлодарлық полиция жолда жүру ережесі мен қала тазалығын сақтау, көше мәдениетін қалыптастырудың тың тәсілін тапқан.

Темекі тұқылы немесе қоқысты кез келген жерге тастай салу, түнде тұрғындар тыныштығын бұзу, көшеде келе жатып дөрекі сөйлеу. Бұл «мүлдем төзбеушілік қағидасында» қарастырылған ұсақ құқық бұзушылық әрекеттерге жатады.  Бірақ, жұртшылықты жазалағаннан гөрі қоғамдық тәртіпті қорғауға жұмылдыру тиімді болмақ. Сондықтан көлік жүргізушілеріне арналған көрнекті билбордтар жасалған.

 

 

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу