Президент қабылдауы: 10 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қабылдауы: 10 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды

02.06.2022

Жыл басынан бері 10 мыңнан астам мемлекеттік қызметші мен квазимемлекеттік сектордың өкілдері әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді. Прокуратураның араласуынан кейін 8 млрд теңгеден астам қаржы мемлекетке қайтарылды. 177 мыңнан астам еңбек құқығы қалпына келтірілген, сондай-ақ 1 млрд теңгедей жалақы қарызы өтелген. Мемлекет басшысына криминогендік жағдайлар және азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін қылмыстық-құқықтық салада қабылданып жатқан шаралар жөнінде ақпарат берілді. Прокурорлар заңсыз ұсталған 596 азаматты босатқан. Берік Асылов Мемлекет басшысына бизнесті қорғау, әсіресе заңсыз қылмыстық қудалауға жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде жан-жақты баяндады. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу