Алматы облысында қоғамдық көлікте есірткі тасудың екі фактісі тіркелді. Екі жағдай да Алматы-Тараз бағытындағы тас жолдың «Ақтерек» бекетінде болған. Жолаушылар тасымалдайтын автобустың жүк салғышынан тәртіп сақшылары бірінші жолы 53 келі есірткі тәркілесе, келесіде есірткі көлемі 12 келіден асқан.
Есірткі тасушылардың жүкті автобус жүргізушісіне тапсырып салып жіберіп, өздері Алматыдан күтіп алмақшы болған қулықтары іске аспады,- дейді тәртіп сақшылары.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ