Баламалы энергия көздерінен алынатын электр қуаты 90 мегаватқа дейін жетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баламалы энергия көздерінен алынатын электр қуаты 90 мегаватқа дейін жетеді

25.09.2015
Баламалы энергия көздерінен алынатын электр қуаты 90 мегаватқа дейін жетеді

Жамбыл облысында жыл соңына дейін  баламалы энергия көздерінен алынатын электр қуаты 90 мегаватқа дейін жетеді.  Қазірдің өзінде табиғи қуат көзін кәдеге жаратып отырған энергетикалық компаниялар өңірді  78 мегаваттық электр энергиясымын қамтамасыз  етіп отыр. 

Қордай асуынан бой көтерген бұл жел электр станциясы жыл соңына дейін толық өндірістік қуатына енетін болады. Қазір мұнда бір мегаваттық қуат өндіруге қауқарлы он бір айналмалы баған жұмыс істеп тұр.

Жоба толық іске көшу үшін жиырма жеті жел генераторы тоқ өндіруі тиіс. Мамандар жыл соңына дейін бұл жұмыстар аяқталады, деп отыр.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу