Сала мамандары биылғы жылу беру маусымына да дайын екендіктерін айтуда.
Соңғы жылдары Қостанай облысында 109 бу қазандығы күрделі жөндеуден өткен. Биылғы жылы да аймақтағы жылу жүйесін жаңа маусымға дайындау үшін 10 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Жалпы инженерлік желінің 70 пайызы тозғанмен, жылдағы жөндеу жұмыстары қыстан қысылмай шығуға мүмкіндік береді.
Жоспар бойынша жылу беру облыста қазан айынан басталады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК