Еліміздегі электр желілерінің 80 пайызының тозығы жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі электр желілерінің 80 пайызының тозығы жеткен

28.10.2022

Еліміздегі электр желілерінің 80 пайызының тозығы жеткен. Осыған байланысты Президент биылғы Жолдауында Үкіметке оны кем дегенде 15 пайызға дейін азайтуды тапсырды. Бүгін Шымкенетте өтіп жатқан энергетиктердің форумында осы мәселелерді шешу жолы қарастырылды.

Ғани Қалмаханов, тілші:

Қуат тапшылығы мен энергетикалық инфрақұрылымның тозығы жетуі елімізде басты проблемаға айналып отыр. Энергетиктер мұндай олқылық бұл мәселеге дер кезінде көңіл бөлінбеуінен орын алды деп есептейді. Осы тұста Қазақстан электр машина жасаушылар қауымдастығы өкілдері ескі трансформаторларды жаңасына ауыстыруда импортқа ұрынбауды ұсынды. Өз елімізде де электр жабдықтарын әзірлейтін өндіріс орындары мен заманауи технологиялар жетерлік, дейді олар. Мәселен, Шымкенттегі кәсіпорын Орталық Азиядағы трансформатор шығаратын ең ірі зауыт. Мұнда 500 мегеватқа дейінгі тарнсформаторлар мен реакторлар шығарылады. Сондай-ақ энергетика саласының мамандары қуат көзін тасымалдау ісінде ашықтық болғанын қалайды. Бұл тарифті орнықты ұстатап тұруға ықпал етпек.

Еркебұлан Ілиясов, Қазақстан Электро машиналарын жасаушылар қауымдастығының төрағасы:

Мұндай компанияларға тек қана біркелкі ереже бекітіп, сол бойынша ашықтық жасату керек. Сонда электр энергиясының аймақтардағы бағасы түседі деп ойлаймын.

Осымен 11-ші рет ұйымдастырылып отырған форумға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қарғызстан мен Тәжікстан елдерінің энергетиктері қатысты. Басқосуда сондай-ақ энергетика саласындағы өзге де қиындықтар да сөз болды. Оның бірі электр жабдықтарын жасауға қажетті шикізаттың жоқтығы. Елімізде мыс пен алюминий өндірілгенімен одан сым шығарылмайды. Изоляциялық материалдар да өзге жақтан әкелінеді. Сондай-ақ әлемедегі геосасяи ахуалға байланысты логистика мәселесінде де қиындықтар туындаған. Осы айтылған мәселелерге байланысты бүгін форум соңында қарар қабылданатын болады.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу