Алматыда кешегі көлік апатында ауыр жарақат алған келіншек қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оны құтқарушылар қираған көліктің ішінен алып шыққан. Әйелдің омыртқасы орнынан қозғалып, жұлынның жұмысы бұзылған.
Ауруханаға түскеннен кейін дәрігерлер сынған омыртқаға шұғыл түрде операция жасады, дейді қаланың бас хирургы Нұржан Исабеков. Басқа да зардап шеккен 4 адамның жарақаты жеңіл екеуі үйіне жіберілді.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ